389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та екі адам масаның шағуынан қайтыс болды

  • 209
  • UPD: 14:45, 17.09.2019
АҚШ-та екі адам масаның шағуынан қайтыс болды

АҚШ-та маса шағып алған екі адам қайтыс болды. Тағы оншақты тұрғын жылқының инфекциялық энцефаломиелит дертін жұқтырған.

Қауіпті ауруды тасымалдаушы батпақты жерде мекендейтін масалар болып шықты. Бұл сирек кездесетін дертті адам жұқтырған жағдайда миына айтарлықтай зақым келеді екен. Ресми ақпарлар бойынша, бұл инфекцияға шалдыққандардың үштен бірі бірнеше апта өткен соң бақилық болады. Вирусты тек бастапқы деңгейінде ғана емдеп алуға болады. Биыл бұл дертті жұқтырғандардың саны орта көрсеткіштен артып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы