389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда орман өрті өршіп тұр

  • 222
  • UPD: 15:44, 17.09.2019
Бразилияда орман өрті өршіп тұр

Бразилияның Амазонас өңірінде орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Өрт сөндірушілер күн-түн демей, қызыл жалынды ауыздықтап әлек.

Ғарыштық зерттеулер агенттігінің хабарлауынша, Бразилиядағы өрт өткен жылмен салыстырғанда 80 процентке артқан. Айта кетейік, жергілікті шаруалар бұл аумақты егістік егу үшін өртеп, тазаламақ болған. Бірақ, әрекеттің соңы ауқымды орман өртімен аяқталып отыр. Жағдайдың ушыға түсуіне үкіметтің саясаты да әсер етсе керек. Бразилия Президенті Жаир Болсанару құр тұрған орманды немесе жерді қолданысқа беру керек деп мәлімдеген еді.

Хабар 24 телеарнасы