389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пранкер күшіктің әрекеті желі қолданушыларының қызу талқысына түсті (видео)

  • 217
  • UPD: 09:42, 18.09.2019
Пранкер күшіктің әрекеті желі қолданушыларының қызу талқысына түсті (видео)

Иесін алдап соқпақ болған күшік желі қолданушыларының көңіл-күйін көтерді.

Twitter-де жарияланған видеода кішкентай қанден ер кісінің баспалдақпен көтеріліп келе жатқанын ести сала бұрышқа тығылып, иесін күтіп тұрады. Сонан соң оны қорқыту мақсатында алдынан жүгіріп шығады да, әсерін байқау үшін иесіне қарайды.

Пранкер күшіктің бұл әрекеті түсірілген видеоны санаулы күнде 9,5 млн-ға жуық адам көріп, 1 млн-нан астам қолданушы «ұнайды» деген белгіні басқан.

Хабар 24 телеарнасы