389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бас бармақпен кеудесін жерден 59 мәрте көтерген Грузия спортшысы рекорд орнатты

  • 226
  • UPD: 16:37, 17.09.2019
Бас бармақпен кеудесін жерден 59 мәрте көтерген Грузия спортшысы рекорд орнатты

Грузияның 29 жастағы Ираклий Векуа есімді спортшысы бас бармақта тұрып кеудесін жерден минутына 59 мәрте көтеріп, рекорд орнатты.

Нәтижесінде Асад Ханиф есімді пәкістандық спортшының рекордын жаңартты. Ол өткен жылы 43 рет кеудесін жерден көтерген еді. Бұл көрсеткішті жаңарту үшін Ираклиға 47 секунд жеткілікті болған. Рекордтар федерациясының Грузиядағы өкілі осылай дейді.

Ираклий Векуа, спортшы:

– Мен жеткен нәтижеме өте ризамын. Дайындық кезінде ең үздік көрсеткішім 60 рет бас бармақта тұрып, кеудені жерден көтеру болған. Рекордты жаңарту үшін барлық күш-жігерімді салдым.

Спортшы бұл көрсеткішті әлі де жаңарта түспек. Болашақта бас бармағымен минутына 80-100 мәрте кеудені жерден көтеруді мақсат етіп отыр. Бүгінгі нәтижесі Гиннес рекордтар кітабының өкілдеріне жіберілді. Ресми түрде 12 аптадан кейін грузиндік спортшы рекордтар кітабына енуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы