389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда жаңа оқу жылы басталды

  • 165
  • UPD: 09:32, 18.09.2019
Грузияда жаңа оқу жылы басталды

Грузияда оқу жылы 16 қыркүйекте басталды. Қазір елдің білім беру саласында түпкілікті реформа жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның басты бағыттарының бірі - оқу орындарының инфрақұрылымын жақсарту. Реформа аясында 27 жаңа мектеп салынған. Алайда оқу жылының басталуына дейін кейбір мектептер жөнделіп біткен жоқ. 

Грузияда 19 мектеп кешігіп ашылатын болды. Білім ордаларында жөндеу жұмыстары әлі екі аптаға жалғасатын түрі бар. Оқушылар сенбі күндері оқып, білім бағдарламасын қуып жетеді. Ал басқа мектептер аптасына бес күн оқиды. Биыл 55 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған. Алайда жүзден астам білім ордасында бірінші сынып мүлде жоқ. Бұл проблема негізінен таулы аймаққа жақын ауылдардағы оқу орындарында бар.

Теа Бурдчуладзе, 1-сынып оқушысының анасы:

Бұл күнді асыға күттік. Сәл қобалжып тұрсақ та, біріншы сыныпқа барғанымызға қуаныштымыз. Бұл өте жақсы мектеп. Бірақ бәрібір қызым қалай үлгереді деген сәл уайымым бар. Пәндер көп, алайда бәрі қызық, қалай болатынын көре жатармыз.

Грузияда оқушылар 12 жыл оқиды. 4-сыныпқа дейін бағаның орнына жұлдызшалар, жүректер мен смайликтер қойылады. Ал 5-сыныптан бастап білім деңгейі 10 баллдық жүйе бойынша бағаланады. Мемлекеттік мектептерге барған 1-сынып оқушыларының барлығына сыйлық беріледі.

Нино Бурдчуладзе, 1-сынып оқушысы:

Мектеп маған өте ұнады, тезірек оқу басталса екен деп тұрмын. Компьютерді сыйға бергеніне өте қуаныштымын. Тезірек сыныпқа кіргім келеді.

9 жыл бойы мемлекеттік мектептер өз оқшуларына сыйға нетбуктер береді. Биылдан бастап бұл компьютерлердің техникалық базасы жаңартылды. Нетбуктерде грузин және шет тілдері, математика мен логикалық оқу бағдарламалары, түрлі пәндер бойынша нұсқаулар жүктелген. Сонымен қатар мектептерде сымсыз интернет те бар.

Лали Квейтайя, мұғалім:

-Компьютерлер оқу процесін жандандырып, жаңа деңгейге көтереді. Нетбуктерге өте қызық бағдарламалар жүктелген, олар балалар үшін арнайы таңдалып, жастарына сай келіп тұр. Қабілеттері мен дағдыларын жетілдіріп, түрлі пәндерді игеруге көмектеседі.

Қауіпсіздік саласында да жаңашылдық бар. Мектептердің 80% приставтар бақылайды. Сондай-ақ оқушыларды жан-жақты дамытатын бірқатар жаңа бағдарламалар енгізліген. Мәселен «Мектептегі өнер» жобасы аясында балалар музей, кино және театрға бара алады.

Авторы: Юлия Тужилкина

Хабар 24 телеарнасы