389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ конгрессмендері жазғы демалыcтан оралып, жұмыстарына кірісті

  • 230
  • UPD: 16:17, 18.09.2019
АҚШ конгрессмендері жазғы демалыcтан оралып, жұмыстарына кірісті

Осы айдың соңына дейін олар бірқатар маңызды заң қабылдау қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы жаңа саяси маусым қызу өтетін түрі бар. Президент сайлауы науқанымен қатар АҚШ қауымын толғандырып жүрген өзге де мәселелер жеткілікті. Олардың қатарында миграция және денсаулық сақтау саласындағы жағдай. Әсіресе соңғы кезде елде жиілеп кеткен атыс оқиғалары жұрттың наразылығын тудырған. Қоғам белсенділері осы сауалдарға жауап күтіп отыр.

Грэг Стэнтон, АҚШ конгрессмені:

Өкінішке қарай, АҚШ-та мектептерде, сауда орталықтарында және мейрамханаларда атыстар жиілеп кеткенін байқап отырмыз. Жеке өзім конгрестің Сот комитеті құрамында істеймін және халықты қарудан сақтап қалатын кез келді деп санаймын. Қару-жарақты сату кезінде әрбір адамды тексеретін және қарудың заңды иеленуін қамтамасыз ететін заң қабылдау қажет. Тағы да бір заң жобасы сатылатын оқтар санына шектеу салуды қарастырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы