389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Тәжікстан елшісіне наразылық нотасын тапсырды

  • 281
  • UPD: 10:20, 18.09.2019
Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Тәжікстан елшісіне наразылық нотасын тапсырды

Қырғызстанның Баткен облысындағы Мақсат ауылының 752 тұрғыны Тәжікстанмен шекарада болған атыстың салдарынан үйлерінен кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік, 16 қыркүйекте екі елдің шекарашылары арасында жанжал шыққан. Атыстан қырғыздың бір сарбазы қаза тапты. Тәжікстан тарабы 3 жауынгерінің ажал құшқанын хабарлаған. Сонымен қатар екі жақтан да әскерилермен қатар бейбіт тұрғындар да жараланды. Жанжалға Тәжікстан әскерилерінің даулы жерде құрылыс жұмыстарын бастауы себеп болған. Шиеленісті реттеу үшін шекаралық аймаққа Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев ұшып келді. Сонымен қатар Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Тәжікстан елшісіне наразылық нотасын тапсырды. Биыл шілде айында қос елдің президенттері шекаралық аймақта кездесіп, бұл мәселені жақын арада талқылауға келіскен еді. Жоғары деңгейдегі мұндай келісімге қарамастан соңғы кезде екі ел тұрғындары арасында бірнеше қақтығыс болған.

Марат Иманкулов, Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы төрағасы:

- Шекараны делимитациялау мен демаркациялау мәселесін мұндай жолмен ешқашан шешпейміз. Иә, бұрынғы билік бұл проблеманы ұзақ мерзімге қалдырған. Кеңес Одағы ыдырағанда ізін суытпай шешу керек еді. Сол қолайлы сәтті жіберіп алдық, алайда мәселені шешуге әлі де кеш емес.

Хабар 24 телеарнасы