389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда жарылыстан 46 адам қаза тапты

  • 175
  • UPD: 12:21, 18.09.2019
Ауғанстанда жарылыстан 46 адам қаза тапты

Ауғанстанның Парван провинциясында сайлауалды шеру кезінде жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 46 адам қаза тауып, 60 кісі жарақат алды. Оқиға ел президенті Ашраф Ғани штабының сайлауалды митинг өткен аймаққа жақын жерде болды. Үгіт-насихат шараларына бірнеше мың адам жиналыпты. Тәртіп сақшыларының мәлімдемесіне сай іске қосылған жарылғыш заттардың бірі қолдан жасалған бомба болған. Ол қауіпсіздік қызметі көлігінің астына қойылыпты. Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті ешбір топ өз мойнына алған жоқ.

Айта кетейік, Ауғанстанда президенттік сайлау ағымдағы жылдың 28 қыркүйегіне жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы