389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кенияда безгекке қарсы вакцина салына бастады

  • 183
  • UPD: 12:35, 18.09.2019
Кенияда безгекке қарсы вакцина салына бастады

Ол негізінен ауылды жерлерде өмір сүретін балаларға егіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоспар бойынша 360 мың бүлдіршін безгекке қарсы егілуі тиіс. Ғалымдар оны 30 жыл уақыт дайындапты. Мамандардың айтуынша, бірегей вакцина маса шаққаннан кейін адам ағзасына таралатын паразиттерден арылуға көмектеседі. Әзірге бұл тек пилоттық жоба. Жалпы Африка елдеріндегі өлім-жітімге көбіне дәл осы ауру түрі себеп. Жыл сайын паразиттік ауру түрлерінен аймақта 435 мыңдай адам көз жұмады. Ал оның дені бес жасқа дейінгі балалар екен.

Хабар 24 телеарнасы