389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясындағы мұнай өндірісі қалыпқа келтіріледі

  • 200
  • UPD: 12:53, 18.09.2019
Сауд Арабиясындағы мұнай өндірісі қалыпқа келтіріледі

Сауд Арабиясы Абкайк пен Хурайсқа жасалған шабуылдан кейін мұнай өндірісін қалыпқа келтіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Энергетика министрлігінің хабарлауынша қыркүйек айының соңына дейін зауыт бұрынғы қуатына қайта шықпақ. Тіпті қараша айында тәулігіне 12 млн баррель өндіру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Сауд Арабиясының екі мұнай нысанына он дрон шабуыл жасап, соңы жарылысқа ұласқан еді. Эр-Рияд шабуылға жауаптылар туралы әлі тіс жармады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша мемлекет АҚШ-тың болжамына сенбей өз тергеуін жүргізіп жатса керек. Ал Ақ үй болса, мұнай зауытын Иран тарапы жарып жібергенін айтады. Тіпті бұл мәлімдемесін БҰҰ-да жариялауға дайын екенін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы