389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде парламенттік сайлау нәтижесіз аяқталды

  • 248
  • UPD: 12:49, 18.09.2019
Израильде парламенттік сайлау нәтижесіз аяқталды ria.ru

Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Авигдор Либерман «ұлттық бірлік үкіметін құру керек» дейді.

Саясаткердің бұлай деп мәлімдеме жасауына нәтижесіз аяқталған парламенттік сайлау түрткі болған. Орталық сайлау комиссиясының ақпарынша дауыс беруге халықтың 69,4 проценті келіпті. Басты қарсыластар саналатын Биньямин Нетаньяхудың «Ликуды» мен Орталық блоктың «Кахоль-Лаван» партиялары шамамен бірдей дауыс жинаған. Бірақ, бұл үкіметтік коалиция құруға жеткіліксіз. Себебі бір палаталы парламентте 120 орынның 61-і бір партия бақылауында болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы