Оларды Италия жағалау күзеті Мальта құтқару орталығының сұрауымен апаттан аман алып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бірақ осыдан кейін ресми Валетта бұл келімсектерді қабылдаудан бас тартқан.
Айта кетейік, Еуроодақ елдері теңізде құтқарылған мигранттарды бөлу ісінде әлі ортақ шешім таба алмай келеді. Келесі аптада ұйымға мүше елдердің Ішкі істер министрлері Мальтада бас қосып, осы мәселені талқыламақ ойда.