389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламент Кристин Лагардты қолдап дауыс берді

  • 153
  • UPD: 13:24, 18.09.2019
Еуропарламент Кристин Лагардты қолдап дауыс берді delo.ua

Еуропарламент Дүниежүзілік валюталық қордың президенті Кристин Лагардтың Еуропалық орталық банк басшысы болуын қолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйым парламентінің 394 депутаты оны жақтап дауыс берсе, 206-сы қарсы шықты, тағы 49 депутат қалыс қалды. Осылайша, Одақтың орталық банкті алғаш рет әйел басқарайын деп тұр.

Айта кетейік, бұған дейін Кристин Лагардтың кандидатурасын Еуропалық орталық банктің директорлар кеңесі бекіткен болатын. Ал оның қазіргі басшысы Марио Драгидің қызмет мерзімі 31 қазан күні аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы