389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық спортшы Ла-Маншты төрт рет үзіліссіз жүзіп өтті

  • 140
  • UPD: 14:24, 18.09.2019
Америкалық спортшы Ла-Маншты төрт рет үзіліссіз жүзіп өтті

Америкалық Сара Томас Ла-Маншты төрт мәрте үсіліссіз жүзіп өткен алғашқы спортшы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

37 жастағы Колорадо штатының тұрғыны тұзды суда 54 сағатын өткізіп, Дувр қаласының жағалауынан бірақ шыққан. Су астында арнайы сусындар арқылы тамақтанған. Сара барлығы 130 шақырым қашықтықты жүзіп өтуі керек еді. Дегенмен, ағыс қатты болғандықтан, 215 шақырым жерді артқа тастады. Осыдан бір жыл бұрын ғана америкалық спортшы кеуденің қатерлі ісігі аурынан айығып шыққан. Сара өзінің жаңа рекордын осы дертпен күресіп жатқан науқастарға арнады. Бұған дейін Ла-Маншты төрт спортшы ғана үзіліссіз үш мәрте жүзіп өткен.

Хабар 24 телеарнасы