389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексика шығанағында «Имельда» дауылы пайда болды

  • 216
  • UPD: 15:19, 18.09.2019
Мексика шығанағында «Имельда» дауылы пайда болды

АҚШ-тың Техас штатына жақын Мексика шығанағында «Имельда» тропикалық дауылы пайда болды.

Бұл туралы осы елдің Дауылдарды бақылау ұлттық орталығы хабарлады. Мамандардың айтуынша, секундына 18 метр жылдамдықпен соққан жел аймақ жағалауына бүгін кешке жетеді. Және жауын жауып, кей аудандарда су тасқыны болатынын екенін ескертті.

Еске сала кетейік, бірер апта бұрын АҚШ-тың оңтүстік штаттарына «Дориан» дауылы соғып, көп елді мекенді су басқан болатын.

 

Хабар 24 телеарнасы