389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанның сот жүйесі жетілдірілуде

  • 201
  • UPD: 15:49, 18.09.2019
Өзбекстанның сот жүйесі жетілдірілуде

Өзбекстандықтар экономикалық және азаматтық сотқа талап-арыздарын электронды нұсқада жолдай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қоса, сот процесін интернет желісі арқылы онлайн режимде көруге мүмкіндік алды. Бұл көрші елдегі сот жүйесін реформалаудың оңды нәтижесі. Тиісінше судияларға қойылатын талап та күшейтілді. 35 жасқа толған жоғары санатты азамат, жоғарғы сот кеңесінің шешімімен бес жылдың сынақ мерзімімен тағайындалады. Одан әрі он жыл тіртіп бұзбаған судя өмір бақи қазылық статусына ие болады.

Нодира Бобохонова, Өзбекстан жоғарғы сотының судьясы:

- Кез келген демократиялық жолды ұстанған мемлекеттің сот құрылымын дамытпай алға жылжуы мүмкін емес. Азаматтардың құқықтары мен заңнамалық актілердің орындалуын қадағалау басты ұстаным болу керек. Дәл осы тұрғыдан алып қарағанда бүгін және ертең Қазақстанда өтетін халықаралық форум бұл сот төрелігінің тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттер арасында тәжірибе алмасуға тағы бір мәрте мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы