389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венецияда қайық апатынан 3 адам қаза тапты

  • 191
  • UPD: 18:26, 18.09.2019
Венецияда қайық апатынан 3 адам қаза тапты

Венецияда қайық апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты. Тағы бір кісі жарақат алған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бақилық болғандардың бірі моторлы қайық дизайнері Фабио Буцци.

Қалған екеуі британия азаматтары. Мәлім болғандай, қайық жасанды бөгетке соқтығысып,  аударылып қалған. Бұл ұшқыр қайық сағатына 130 шақырым жылдамдықпен жүйіткиді. Сол күні Монте-Карлодан шыққан екен. Бұл жолы су көлігі Венецияға неғұрлым тез жетуден рекорд жаңартпақ болғанға ұқсайды.

Хабар 24 телеарнасы