389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Амазон жағалауындағы орман өртінен аң-құсқа қауіп төнді

  • 200
  • UPD: 18:39, 18.09.2019
Амазон жағалауындағы орман өртінен аң-құсқа қауіп төнді

Амазон өзенінің бойындағы ну орманның өртенгеніне бір айдан асты. От осы уақытқа дейін бой бермей келеді. Қазір әлемнің өзге аймақтарында кездеспейтін жануарлар мен өсімдіктердің сирек түрлеріне үлкен қауіп төніп тұр. Осы жағдайға байланысты өңірде төтенше саммит өттті.

Нағыз экологиялық апат. Мамандар Амазон өзенінің алқабында өршіген орман өрттерін осылай бағалап отыр. Жылдың басынан бері ну орманда жүз мыңнан аса өрт ошағы тіркелген. Табиғи апаттың салдарынан сирек кездесетін ағаштар, жануарлар мен жәндіктердің ондаған түрі жойылған. 

Тиаго Тибурсио, тілші: 

- Табиғатқа келтірген зиянымен қатар адамдар да өрттен зардап шегіп отыр. Орасан зор ауданды түтін басып кетті. Ыс иісімен уланғандардың саны артқан. Олардың бәріне көмек беруге дәрігерлердің шамасы жетпей отыр. 

Бұл өңірде тұратын елдердің басшылары шұғыл шаралар қабылдауды ұйғарды. Суринам, Боливия, Перу, Колумбия, Эквадор және Бразилия төтенше саммит ұйымдастырды. Бұл басқосуында мемлекет басшылары «Летисия пактіне» қол қойды. Бұл құжат табиғи байлықтарды заңсыз өндіру, есірткіні тарату және ауыл шаруашылықтарының ауданын заңсыз кеңейту үшін жазаны күшейтуді қарастырып отыр. Енді қаскөйлерді осы үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруы мүмкін. 

Рената Мильомем, заңгер:

- Құжатқа қол қоюмен қатар, мемлекет басшылары ғылым және техникалық салаларда бірлескен жұмысты күшейтіп, ақпарат алмаспақ. Осылайша, өрт себептері мен оның салдарымен күресті ұйымдастыру ісі жақсарады. 

2018 жылы тек бір Бразилияның өзі өрттің кесірінен 15 мың шаршы шақырым ну орманынан айырылған. Салыстырып көрсек, бұл Нұр-Сұлтан қаласының ауданынан 18 есе көп. Ал биыл Бразилияның ұлттық ғарыш агенттігі ел аумағында 70 мыңнан аса өрт ошағын анықтаған. Бұл көрсеткіш  былтырғымен салыстырғанда екі есе артық. 

Авторлары: Алексей Родионов, Герберт Рейз

Хабар 24 телеарнасы