389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиядағы химиялық зауытта өрт шықты

  • 224
Түркиядағы химиялық зауытта өрт шықты

Ыстамбұлдың Тұзла ауданындағы химиялық зауытта өрт шығып, бірнеше рет жарылыс болды.

Салдарынан 7 кісі жарақат алды. Оның екеуі – өрт сөндіру қызметкері. Бұл туралы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Оған сәйкес, оқиға Тұзла ауданындағы өндіріс аймағында орналасқан фабрикада шыққан. Қызыл жалынды сөндіруге 50-ден астам өрт сөндіру көлігі мен 150-ге жуық кісі жұмылдырылған. Өрт сөндіру барысында фабрикада бірнеше рет жарылыс шығып, ондағы танкердің бір бөлшегі өрт сөндіру көлігінің үстіне түскен. Өрттің нақты неден шыққаны әзірше белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы