389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясы дрондардың шабуылын кімнен көретінін айтты

  • 257
  • UPD: 09:11, 20.09.2019
Сауд Арабиясы дрондардың шабуылын кімнен көретінін айтты

Сауд Арабиясы әскерилері шабуылға ұшыраған мұнай зауыттарынан табылған дрондардың қалдықтарын көрсетті.

Арабтардың айтуынша, бұл ирандық қару. Және шабуылды да Иран күштері жүзеге асырған. Оқиға орынынан жалпы 18 дрон мен 7 қанатты зымыранның қаңқалары табылды. Мамандар қазір олардың қай жерден ұшырылғанын анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясындағы зауыттарға шабуылды біз жасадық деп мәлімдеген болатын. Алайда Эр-Рияд бұл шындыққа жанаспайды дегенді айтады.

Хабар 24 телеарнасы