389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамптың жаңа кеңесшісі тағайындалды

  • 238
  • UPD: 09:17, 20.09.2019
Трамптың жаңа кеңесшісі тағайындалды

АҚШ Президенті Дональд Трамп Джон Болтонның орнын алмастыратын қызметкерді тапты.

Енді Ақ Үй басшысының ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі міндетін кепілгерлер туралы келіссөз жүргізуші Роберт О'Брайен атқарады. Естеріңізде болса, Трамп Болтонды Солтүстік Корея, Иран, Ауғанстан, Ресей және Венесуэлаға қатысты сыртқы саясат мәселелерінде ортақ тіл табыса аламағандықтан қызметінен босатқан еді. Енді О'Брайен Трамп әкімшілігіндегі бұл лауазымға тағайындалған төртіші адам атанбақ. Ол 2018 жылдың мамыр айынан бері Мемлекеттік департаментте кепілгерлер ісі бойынша арнайы елші болған.

Хабар 24 телеарнасы