389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дубайда EXPO-2020 көрмесі өтетін аумаққа темір күмбез қойылды

  • 309
  • UPD: 09:41, 20.09.2019
Дубайда EXPO-2020 көрмесі өтетін аумаққа темір күмбез қойылды

Дүниежізілік көрме келер жылдың 20 қазанында Біріккен Араб Әмірліктерінде ашылады. 550 тоннаны құрайтын алып күмбез көрме павильонының дәл ортасына орналасты.

Келушілер бұл нысанға шығып, 360 градуста қаланы тамашалай алады. Күмбезді құруға 800-ге жуық инженер мен техникалық мамандар тартылған. Біріккен Араб Әмірлігі билігінің айтуынша жаңа құрылыс нысаны Парсы Шығанағының жағалауында орын тепкен архитектуралық көрнекі жерге айналмақ. 

Ахмед Аль-Хатиб, ЭКСПО-2020 құрылыс жұмыстарының жетекшісі:

- Бұл жобаға барлығы 33 нысан кіреді. Инфрақұрылым 100 процентке дайын. Тақырыптық бөлімдерді осы жылы толығымен аяқтадық. Ол 87 ғимараттан тұрады. Әрқайсысына жасалған жұмыс туралы сертификат алынды. Павильондар, конференц-зал, көрме орталықтары және халықаралық ауылда жақын арада дайын болады.

Хабар 24 телеарнасы