389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бермуд аралдарының халқы жарықсыз қалды

  • 194
  • UPD: 14:09, 20.09.2019
Бермуд аралдарының халқы жарықсыз қалды

Бермуд Үштағанында Умберто дауылы тұрып, арал тұрғындары электр энергиясынсыз қалды.

Қатты жел салдарыннан 27 мың ғимаратта жарық сөніп қалған. Бұл деректерді аралдың энергетикалық компаниясы жариялады. Умберто дауылының жылдамдығы сағатына 190 шақырымды құрап, үшінші санатқа бірақ жеткен. Жергілікті билік тұрғындарды абай болуға шақырды. Әуе рейстері кейінге қалдырылды. Ал Бермуд астанасы Гамильтонда тұрғындар үйлерінің терезесін бекітіп тастады. Соңғы уақытта Атлантика дауыл мен құйындардан көз ашар емес.

Хабар 24 телеарнасы