389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та «Имельда» дауылынан 2 адам қаза тапты

  • 177
  • UPD: 08:46, 21.09.2019
АҚШ-та «Имельда» дауылынан 2 адам қаза тапты

АҚШ-тың Техас штатында «Имельда» дауылынан 2 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тропикалық циклон Мексика түбегінде түзіліп, Техас жағалауына жеткен. Бұған қоса, толассыз жаңбыр соңы су тасқынына ұласты. Салдарынан қала көшелері су астында қалды. Сондай-ақ 70 мың үй жарықсыз қалды. Қазір полицейлер мен өрт сөндірушілер тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Америкалық басылымдардың хабарлауынша, екпінді желге байланысты Хьюстон әуежайында 900-ден астам рейс кейінге шегерілген. Осыған байланысты жергілікті билік аймақта төтенше жағдай жариялады.

Хабар 24 телеарнасы