389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Болгария мен Сауд Арабиясы газ құбыры туралы келісімге қол қойды

  • 202
  • UPD: 10:43, 21.09.2019
Болгария мен Сауд Арабиясы газ құбыры туралы келісімге қол қойды

Болгарияның «Булгартрансгаз» компаниясы мен Сауд Арабиясының «Аркад инжиниринг» бірлестігі Түркиядан Сербияға дейінгі газ құбырын салу жөнінде келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның құны 1 миллиард 102 миллион еуро. Келісім «Түрік ағысы» арқылы тасымалданатын газды қабылдауға бағытталған. Құбырдың ұзындығы 474 шақырым. Тараптар оны 2 жылға жуық уақыттың ішінде бітіруді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, «Түрік ағысы» жобасы 2 желіден тұратын газ құбыры. Оның алғашқысы арқылы шикізат Ресейден Түркияға жеткізілетін болса, екіншісі Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерін көгілдір отынмен қамтамасыз етеді. Құбыр биылғы жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы