389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық дизайнер талма дертіне арналған медициналық қорапша шығарды

  • 169
  • UPD: 11:39, 25.09.2019
Америкалық дизайнер талма дертіне арналған медициналық қорапша шығарды

23 жастағы Ума Смит талма дертімен ауыратындар үшін медициналық қорапша шығарды.

Дизайнер бойжеткеннің өзі де осы ауру түрімен күресіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қорапша талма ұстаған кезде басқа зақым келмес үшін киіп алатын құрылғыдан тұрады. Онда арнайы тетік орнатылған. Егер науқас адам жоқ жерде құлап, тырыспасы 5 минуттан ұзақ жалғасса, батырма арқылы жедел жәрдем шақыра алады. Сондай-ақ құрылғының бір бұрышында бөгде адамдар үшін алғашқы көмек көрсетудің нұсқаулығы жазылғын.

Айта кетейік, ауруды бақылау және алдын алу орталығының ақпары бойынша, АҚШ-та талма дертімен 3,4 миллион адам ауырады.

Хабар 24 телеарнасы