389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде климаттың өзгеруіне қарсы жаппай шерулер өтті

  • 242
  • UPD: 13:45, 21.09.2019
Әлемде климаттың өзгеруіне қарсы жаппай шерулер өтті

Швед оқушысы Грета Тунбергтің климаттың өзгеруіне қарсы күресін әлем жаппай қолдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

150-ден астам елде осы мәселені қолдауға арналған шерулер өтті. Лондон, Рио-де-Жанейро, Сидней, Токио сынды қала көшелеріне мыңдаған адам шықты. Ең ірі шараның бірі Нью-йорк шаһарында болды. Мұндағы акцияға 60 мыңнан астам адам қатысты.

Еске сала кетейік, климаттың өзгеруіне қарсы қозғалыс өткен жылдың тамыз айында басталып, бірнеше айдың ішінде ғалымдық сипат алған.

Келбе Абреу, шараға қатысушы:

- Үлкендер маңызды мәселеге көңіл бөлмей отыр. Осыған қарсылық ретінде біз де мектепке бармадық. Білім алу әрине, өте маңызды. Бірақ жердегі өмірді қалай жақсарту керектігі де назардан тыс қалмауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы