АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер мен қару-жарақ жіберетін болды.
Бұл туралы осы елдің Қорғаныс министрі Марк Эспер мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның айтуынша, шара Иранның Сауд Арабиясына жасаған шабуылына қарсы алғашқы жауап болмақ.
«Бірақ АҚШ Иранға қарсы соғыс ашқалы отырған жоқ», - дейді Пентагон басшысы.