389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда «Тапа» дауылы салдарынан 200-ден астам әуе рейсі кейінге шегерілді

  • 239
  • UPD: 15:15, 21.09.2019
Жапонияда «Тапа» дауылы салдарынан 200-ден астам әуе рейсі кейінге шегерілді

Жапонияның Окинава префектурасында «Тапа» дауылы соғып, 4 адам жапа шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

33 мыңнан астам үй жарықсыз қалып, 200-ден астам әуе рейсі кейінге шегерілді. Тынық мұхитында пайда болған дүлей жел секундына 50 метр жылдамдықпен соққан. Мамандар дауыл елдің батыс жағалауы мен Корея түбегін басып өтеді деп болжайды. Жауын жауып, тасқын жүреді деген де қауіп бар.

Айта кетейік, «Тапа» - биыл Жапонияда соғып тұрған 17-ші дауыл. Ал соңғы рет қыркүйек айында соққан алай-түлей дауылдан 3 адам қаза тауып, 60 тұрғын жарақат алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы