389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде қоршаған ортаны қорғауға арналған шеруге 80 мың адам қатысты

  • 204
  • UPD: 15:34, 21.09.2019

Осы қозғалысты бастаған мектеп оқушыларын бұл жолы мұғалімдер, ғалымдар, кәсіподақ мүшелері және қала тұрғындары қолдаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шерушілер Парламент ғимаратынан Берлиннің ең танымал аумағы - Бранденбургке дейін сап түзеп өтті. Олар көмір және атом электр станцияларын жауып, баламалы қуат көздеріне көшуге шақырды. Сондай-ақ шерушілерді ауа тазалығы мен пластикті тұрмыста тым көп қолдану мәселелері толғандырады. Жалпы Германияда қоршаған ортаны қорғауға арналған 500 шеру өтті. Мюнхен мен Ганновер қалаларында  бұл шараға 30 мың, ал Гамбургте 70 мың адам шыққан. 

Джеми, шеруші:

Біз өзіміздің ғана емес, балаларымыздың болашағын сақтап қалуымыз қажет. Әлемде не болып жатқанын көріп тұрсыз ғой. Біз ғаламшарамызды ластамауымыз керек. Ұлымыз өмірінде бірінше рет шеруге шығып отыр. Келешекте ол да белсенді болуын қалаймыз. Саясаткерлер қалаларда көліктер санын азайтуға әрект жасауы қажет, сонда ауа да тазарады. 

Юдит, шеруші:

Мен оқушыларды қолдау үшін шықтым. Олар жалғыз өздері шықпауы керек, біздің де айтарымыз бар. Өйткені Жер бәрімізге ортақ. Менің плакатымда араның суреті салынған, себебі қоршаған ортаны қорғау ауыл шаруашылық саясатынан басталуы тиіс деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы