389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта жойқын жарылыстан 12 адам қаза тапты

  • 208
  • UPD: 16:42, 21.09.2019
Иракта жойқын жарылыстан 12 адам қаза тапты

Ирактың Кербела қаласында автобусқа жасырынған бомба жарылып, 12 адам қаза тапты.

Тағы 6 тұрғын жарақат алды. Лаңкестік шаһарға кіре берістегі әскери бақылау-тексеру бекетінің жанында болды. Терактті кімдер жүзеге асырғаны әзірге белгісіз. Айта кетейік, Кербела қаласы Ирак астанасы Бағдадтан оңтүстік-батысқа қарай 100 шақырымдай жерде орналасқан. Шииттер оны ең қасиеті қаланың бірі деп санайды.

Хабар 24 телеарнасы