389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ пен Солтүстік Корея арасында байланыс кеңсесін ашу ұсынылды

  • 235
  • UPD: 17:39, 21.09.2019
АҚШ пен Солтүстік Корея арасында байланыс кеңсесін ашу ұсынылды

Солтүстік Кореядан біртіндеп ядролық қаруcыздануды талап ету қажет. Сеулдегі конференцияға қатысушылар осылай дейді.

Сарапшылардың бұл кездесуі Пхеньян келісіміне бір жыл толуына орай өтті. Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын қос Кореяның басшылары Мун Чже Ин мен Ким Чен Ын бірлескен мәлімдеме қол қойған. Құжатта қарусыздандырылған аймақта қастық әрекеттерді тоқтату, екі елдің көлік және темір жолдарын қосу, Тончанридегі полигонды жауып, Ёнбёнде ядролық реакторды сынауды тоқтату қарастырылған. Сарапшылардың пікірінше, Солтүстік Корея оның баптарын әлі бұзбаған. Бір жыл ішінде шекарада қарулы қақтығыс тіркелмеген. Вашингтон мен Пхеньян арасындағы келіссөздер қыркүйек айының соңында қайта басталуы мүмкін. Осы ретте сарапшылар тараптар ең алдымен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуға көңіл бөлуі керек дегенді айтады.

Роберт Эйнхорн, АҚШ Мемлекеттік департаментінің бұрынғы кеңесшісі:

- Бірінші қадам Ёнбёндегі ядролық қондырғының жабылуы немесе тек уран мен плутонийді байытуға қатысты негізгі объектілердің жұмысын жалғастыруға рұқсат беру болуы керек. Содан кейін мүдделі елдер КХДР-да ядролық қызметке тыйым салу және МАГАТЭ-нің күдікті нысандарды тексеруі туралы келіссөздерге кіріседі. Сонда Пхеньянға ынталандырмаларды ұсыну керек, мысалы, Солтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттары арасында байланыс кеңсесін ашу, АҚШ-Оңтүстік Корея әскери жаттығуларын қысқарту және АҚШ пен Біріккен Ұлттар Ұйымының қосымша санкцияларын алып тастауға уәде беру.

Хабар 24 телеарнасы