389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте халық қайтадан шеруге шықты

  • 221
  • UPD: 23:08, 21.09.2019
Гонконгте халық қайтадан шеруге шықты

Гонконгтегі арнайы аймақтың билігіне қарсы наразылық шеруі тағы өтті. Бұл жолы қала көшелеріне ереушілер әдеттегіден аз шықты.

Үстіне қара киім киген жүздеген тұрғын арнайы аймақтың орталық көшелерімен жүріп, Гонконгта демократия орнатуды талап етті. Кей ақпарға қарағанда тәртіп сақшыларымен қақтығыс болып, шерушілерге көзді жасаурататын газ қолданылды. Еске сала кетейік, Гонконгтегі толқулар сәуір айынан жалғасып келеді. Оған арнайы аймақ үкіметінің қылмыскерлерді экстрадициялау туралы заңды парламент қарауына ұсынуы себеп. Халық бұл әрекет Гонконгтегі демократияны шектейді деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы