389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде сары жейделілер қырық бесінші рет шеруге шықты

  • 203
  • UPD: 23:45, 21.09.2019
Парижде сары жейделілер қырық бесінші рет шеруге шықты

Жазғы тыныштықтан кейін сары жейделілер Париж көшелеріне қайта оралды. Осымен 45-мәрте ұйымдастырылып отырған шара шаһардың көп бөлігінде жүрді.

Бірақ бұл жолы сары жейделілер үстеріне осы бір киімді кимей шықты. Осыған қарамастан тәртіп сақшылары 2-3 сағаттың ішінде 90 адамды қамауға алды. Жалпы наразылық шарасы кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға 7 жарым мың полицей мен арнайы бөлім сарбаздары жұмылдырылған.

Шеруге қатысушы:

- Мен осымен сары жейделілердің 45-шеруіне қатысып тұрмын. Бірақ өрескел әрекеттерге барып, тәртіпсіздіктерге жол берейін деген ниетім жоқ. Тек 5 жастағы немеремнің болашағы үшін көшеге шықтым. Біз жастарымыздың жарқын болашағы үшін күресуіміз керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы