389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Албанияда жойқын жер сілкінісі болды

  • 268
  • UPD: 11:22, 22.09.2019
Албанияда жойқын жер сілкінісі болды

Албанияның батысында қуаты 5,6 балдық жер сілкінісі болды.

Зілзала ошағы Дуррес қаласынан солтүстікке қарай 6 шақырымдай жерде, 10 шақырымдай тереңдікте тіркелді. Табиғат апатынан 68 адам жеңіл жарақат алған. Жапа шеккендер Дуррес пен Тирана шаһарының ауруханаларына жеткізілген. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл – Албанияда соңғы 30 жылда болып тұрған жойқын зілзала. Қазір табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы