389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Лорена» дауылы Мексикаға қауіп төндірді

  • 198
«Лорена» дауылы Мексикаға қауіп төндірді

Тынық мұхитында пайда болған «Лорена» дауылының екпіні еселеп, Мексикаға төнген қауіп күшейді.

Бұл туралы осы елдің су ресурстары жөніндегі қызметі мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, дүлей жел жағалаудан 95 шақырымдай жерде секундына 38 метр жылдамықпен соғуда. Дауылмен бірге жаңбыр құйып, су тасқыны мен лай көшкіндері жүру қауіпі бар. Осыған байланысты Төменгі Калифорния Оңтүстік штатында мектептер уақытша жабылып, тұрғындарды эвакуациялау орындары дайындалып жатыр. 30-дан астам әуе рейсі кейінге шегерілген.

Хабар 24 телеарнасы