389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та түнгі клубта атыс болды

  • 172
АҚШ-та түнгі клубта атыс болды ria.ru

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы түнгі клубтың бірінде атыс болып, 2 адам қайтыс болды.

Тағы 9 кісі жарақат алды. Оқыс оқиға Ланкастер қаласында тіркелген. Әзірге дәмханадағы адамдарға кімнің немесе кімдердің оқ атқаны белгісіз. Полиция қызметкерлері қылмысқа бірнеше кісінің қатысы болуы мүмкін деп отыр. Қазір күдіктілер іздестіріліп, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы