386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Албанияда жер сілкінісінен 70-ке жуық адам жарақаттанды

  • 309
  • UPD: 11:42, 25.09.2019
Албанияда жер сілкінісінен 70-ке жуық адам жарақаттанды news.liga.net

Албания астанасы Тирана қаласында және Дуррес қалаларында магнитудасы 5,6 балл болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Қазақпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Албанияның қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұл мемлекеттегі соңғы отыз жылда болған ең үлкен жер сілкінісі.

«Денсаулық сақтау министрі Огерта Манастирлиудің хабарлауынша, жер сілкінісінен 68 адам жарақат алған. Көбі үйлерін тастап қашу барысында жарақаттанған», деп жазады басылым.

Жер сілкінісінен Тиранада 48 үй және үл көппәтерлі үй құлаған, ал Дурресте 42 үй мен төрт көппәтерлі үйдің тасталқаны шыққан.

«Бастысы, адам өлімі тіркелмеді», - дейді Қорғаныс министрі.

АҚШ геологиялық қызметі жер сілкінісі 5,6 балл болды десе, Албания геоғылым институты 5,8 балды көрсетті.

 

Хабар 24 телеарнасы