389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссельде «автомобильсіз жексенбі» өтіп жатыр

  • 223
  • UPD: 18:06, 22.09.2019
Брюссельде «автомобильсіз жексенбі» өтіп жатыр brusselstimes.com

Бельгияның астанасында жыл сайынғы «Автомобильсіз жексенбі» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәстүрге орай, осы күні сағат 9.30-19.00 аралығында қала көшелері екі, үш және төрт доңғалақты көліктер үшін жабылады.

Бұл күні тек қоғамдық көлік пен таксилер, шұғыл қызметтер мен дипломаттардың ғана машинасына рұқсат етіледі.

Қалалықтар бұл күні қоғамдық көлікте тегін жүреді.

Әрі қала билігі әртүрлі көңіл көтеретін іс-шаралар өткізілуде.

Хабар 24 телеарнасы