389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та туристік автобус апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты

  • 231
  • UPD: 20:07, 22.09.2019
АҚШ-та туристік автобус апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты

АҚШ-тың Невада штатында туристік автобус апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 12 жолаушы жарақат алды. Оқиға Лас-Вегас қаласына баратын тасжолда болды. Жолда жүйткіп бара жатқан автобус белгісіз себептермен аударылып қалған. Қазір оқиға орнында тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жүргізуші автобусты басқара алмай қалған.

Хабар 24 телеарнасы