389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда Израиль шекарасына жақын жерден бомба жасырынған дрондар табылды

  • 208
  • UPD: 20:52, 22.09.2019
Сирияда Израиль шекарасына жақын жерден бомба жасырынған дрондар табылды

Сирия әскерилері Израиль шекарасына жақын жерден бомба жасырынған дрондар мен қару-жарақ қоймаларын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қашықтан басқарылатын аппараттар Хермон ауылының жанынан, ал қойма Бека мекенінің маңынан анықталған. Қазір қауіпті дрондардың иелері іздестірілп жатыр. Ал жасырын қоймадан Израильде жасалған қару-жарақтар мен спутниктік байланыс құралдары және дәрі-дәрмектер шыққан. Әскерилер оның маңынан израильдік нөмірлері бар көліктер табылғанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы