389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Албанияда жер сілкінісінен жараланғандар саны артты

  • 145
  • UPD: 09:01, 23.09.2019

Албанияда сенбі күнгі 5,6 балдық жер сілкінісінен кейін 297 дүмпу қайталанып, 107 адам жарақат алды.

Дуррес, Тиранада және өзге де бірқатар шаһарларда үйлер мен ғимараттар бүлінген. Елде байланыс және электр энергиясы ара тұра болмай, нашар жұмыс істеуде. Полиция толық әзірлік жағдайға келтірілген. Жапа шекккендерге жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, бұл елде алғашқы жер сілкінісі сенбі күні Дуррес қаласынан солтүстікке қарай 10 шақырымдай жерде болды. Оның қуаты 5,6 балды құрады.

Хабар 24 телеарнасы