389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде климатқа арналған шерудің шырқы бұзылды

  • 163
  • UPD: 10:44, 23.09.2019

Парижде климатты қорғауға шақырған шеруді радикалдық бағыттағы манифестанттар бұзды. Қалалық алаңдардың бірінде «blackblock» деп аталатын топ картеждің дәл ортасына кіріп, полициямен қақтығысқа шыққан.

Салдарынан кортеж екіге бөлінді. Демонстарнттарды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданған. Салдарынан Дүниежүзілік климатты қорғау шеруіне қатысып, алаңға шыққан бейбіт тұрғындар да соққының астында қалды. Ал Гринпис ұйымы қауіпсіздік мақсатында шеруге шыққандарды кортежден кетуге шақырды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, акцияға 38 мың адам қатысты. Климатты қорғауға шақырған осындай шерулер бүгін Францияның барлық ірі қалаларында өтті.

- Мен кортеждің ішінде едім. Бізді әп сәтте жан жақтан қоршап, қозғалыс тоқтап, бір орында қалдық. Сосын көзден жас ағызатын газ тарап, маңайымызда жарылған гранаталардың дыбысы шыға бастады.  Кортеждің ортасында не болғанын білмеймін. Климатты қорғауға арналған шеруге бейбіт мақсатта келсек те көзден жас ағызатын газ бізге де әсер етті.  

- Бейбіт маршқа қатысу үшін келіп едік, бірақ жан-жақтан қоршауда қалдық. Біз тек өз ойымызды айтқымыз келді, бірақ оның өзіне мүмкіндік бермеді.

- Мен өзімнің және балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін алаңдаймын. Егер климат «банк» болса, оны барлығы қорғаушы еді деген сөз бар. Мұнай өндірушілері мен өзге де өндіріс нысандарының мүддесін қолдауды тоқтатқаны жөн. Осыны әр адам өз санасына құйып түсінуі қажет.

Хабар 24 телеарнасы