389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Чернобыль» сериалы «Эмми» сыйлығын жеңіп алды

  • 150
  • UPD: 11:06, 23.09.2019
«Чернобыль» сериалы «Эмми» сыйлығын жеңіп алды

Лос-Анжелестегі Microsoft театрында «Эмми» сыйлығын табыстаудың жетпіс бірінші рәсімі өтті. «Үздік шағын сериал» номинациясында «Чернобыль» туындысы жеңіске жетті.

Ал Крэйг Мейзин жазған «Чернобыль» сериалының сценарийі «Үздік сценарий» марапатына ие болды. К.Мейзин жүлдесін Чернобыль атом-электр стансасында апатқа ұшыраған жандарға арнады. Сондай-ақ ол Джаред Харрис басқарған актерлік құрамға және бұл оқиғаны әлемге паш еткен командаға алғыс білдірді.

Айта кетейік, «Чернобыль» телехикаясының сценарийі «Даннемор түрмесінен қашу», Фосси/Вердон, «Ағылшынша жанжал» және «Олар бізді көргенде» cекілді қарсыластарын басып озған.

Reuters

Хабар 24 телеарнасы