389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Миллиардер Баррон Хилтон қайтыс болды

  • 200
  • UPD: 11:11, 23.09.2019
Миллиардер Баррон Хилтон қайтыс болды Инфолайф

Hilton қонақ үй желісінің иесі Баррон Хилтон 91 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы немересі Пэрис Хилтон Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ria.ru.

«Ол аңызға айналды, арманшыл, жарқын, мейірімді адам еді және жетістіктер мен қызыққа толы өмір сүрді», – деп жазды ол.

Пэрис Хилтон бала кезінен атасынан бизнесмен ретінде үлгі алғанын жиі айтатын.

Баррон Конрад Hilton қонақүйлер желісінің негізін салушының ұлы болды. 30 жыл бойы ол Hilton Hotels Corporation бас директоры қызметін атқарды. Ол өзі мансап құрып тұрған кезінде қонақ үйлер санын көбейтіп, миллиардер атанды.

Баррон 2007 жылы әкесінің жолымен жүретінін мәлімдеп, сол кезде  2,3 миллиард долларға бағаланған мүліктің 97 пайызын Конрад  Н. Хилтон қорына қалдырған болатын. Осылайша ол отбасы мүшелерін өзінің тапқан барлық ақшасына мұрагер болу мүмкіндігінен айырды.

Хабар 24 телеарнасы