389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте полиция шерушілерге қарсы жасауратқыш газ қолданды

  • 166
  • UPD: 11:56, 23.09.2019
Гонконгте полиция шерушілерге қарсы жасауратқыш газ қолданды

Гонконг жұрты әлі де ереуілде жүр. Наразылық акцияға шыққан жүздеген тұрғындар шаһардағы сауда орталығының алдында тәртіпке бағынбапты.

Жиналғандарды тарату үшін полиция күш көрсетіп, тіпті көз жасаурататын газ қолданды. Соның салдарынан жарақат алғандар да бар. Ашуға бой алдырғандар аймақтағы қытайлық кәсіпорындардың жұмысына қарсы.  Естеріңізге салайық, Гонконгта жаппай наразылық акция үш айдан бері жалғасып келеді. Осы уақыт аралығында наразылық танытқандар саны 1 млн 700 мың адамға дейін жетті.

Хабар 24 телеарнасы