389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяда мүгедек жандарға баспалдақпен көтерілуге көмектесетін робот ұсынылды

  • 174
  • UPD: 12:23, 23.09.2019

Мүмкіндігі шектеулі жандарға баспалдақпен көтерілуге көмектесетін құрылғы Пучон қаласындағы роботтар көрмесінде ұсынылды.

«Пучон фантазиясы» деп аталатын фестивальдің мақсаты - балаларды робототехника сабақтарына қызықтыру. Мұнда оқушылар виртуалды шындықты тамашалап, жасанды интеллекттің басқа мүмкіндіктерін сынап көрді. Көрмеде осы қалада жұмыс істейтін компаниялар өз өнімдерін көрсетті. ПучОнде барлығы қырыққа жуық робот шығаратын фирмалар жұмыс істейді. Олардың бірі лифтісіз үйлерде жайлы жүруге арналған құрылғыны ойлап тапты. Оның үстіне, ол үлкен көлемді жүктерді де көтере алады. Өнімді әзірлеу осы жылдың наурыз айында аяқталды. Жақында оның сериялық өндірісі басталады. Компания өз құрылғыларымен Оңтүстік Кореяның барлық мұқтаж тұрғындарын қамтамасыз етуге дайын. Айта кетейік, елде екі миллион алты жүз жетпіс мың мүгедек тұрады.

Ли Донг Гван, компания өкілі:

- Біздің құрылғы салмағы жүз сексен килограмға дейін адамды көтере алады. Оның бағасы екі мың-үш мың доллар болады. Көтергіш батареямен жұмыс істейді, оның қуаты жеті-сегіз сағатқа немесе мың сатыға көтерілуге жетеді. Жаппай өндіріс келесі жылдың бірінші жартысында басталады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы