Испанияның оңтүстігіндегі Малага қаласында жүздеген британдық ереуілге шықты.
Жиналған жұрт Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығуына қарсылығын білдіріп, Брекситтің тоқтатылуын талап етті. Айта кетейік, зейнет жасына келген британдықардың басым бөлігі Испанияда өмір сүргенді қалайды. Наразылар Брекситтің кесірінен Испаниядағы денсаулық сақтау саласында мүмкіндіктер шектеліп қалады деп қорқады. Қазір бұл елде 300-ге жуық британдық азамат тұрады.