389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда құлпынайдан ине шықты

  • 189
Австралияда құлпынайдан ине шықты life.ru

Австралияда полицейлер құлпынайдан ине табылудың 2 дерегін зерттеуді бастады.

Бұл туралы ABC хабарлайды.

30 жасқа толуын атап өтпек болған Мельбрун тұрғыны Скай Уилсон мерейтойлық дастарханға құлпынаймен безендірілген торт қояды. Көздің жауын алар жемістің дәмін де көрмек болған келіншек ойламаған жерден келеңсіздікке тап болды. Ол тістеген құлпынайдан инеге ұқсас үшкір зат шықты. Полицейлер құлпынай қаланың солтүстік бетіндегі Coles супермаркетінен сатып алынғанын анықтады. Кейін ол шоколдқа оралып, тәттілер дайындайтын орынға жіберілген.

Бұл соңғы бірнеше аптада қайталанып отырған осымен екінші жағдай. Бұған дейін Фэрфилд ауданындағы дүкеннен сатып алған жемістен бөгде зат табылған еді.

2018 жылдың қыркүйегінде қол инесі мен түйреуіштер жасырылған жемістер австралия штатының 6 аумағында сатылып келгені белгілі болды.

Жалпы осыған ұқсас жағдайлардың саны бүгінде 230-ға жетті.

Бұл іске қатысы болуы мүмкін делінген Ми Ут Чинь атты ферма қызметкері қамауға алынып, қазір ол сот шешімін күтіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы