389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда «Тапа» тайфунынан 30-дан астам адам жараланды

  • 209
Жапонияда «Тапа» тайфунынан 30-дан астам адам жараланды БелТА

Жапонияда «Тапа» тропикалық тайфуны ойран салды.

Табиғаттың тосын мінезінен 30-дан астам адам жарақат алған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, дауылдан әсіресе Окинава және Кюсю аралдары ең көп зардап шеккен. Қазір онда 60 мыңнан астам тұрғын жарықсыз отыр. Халықаралық әуежайда жүздеген рейс сапарға шыға алмай қалды. Айта кетейік, «Тапа» – Жапонияда жыл басынан бастап он жетінші рет соққан дауыл. Мамандардың айтуынша, қазір ол елдің солтүстігіне қарай бет алды. Болжам бойынша, жақын арада Хоккайдо аралына жетуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы